Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сарысу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарысу аудандық | |
мәслихат хатшысы | А. Сейналиев |
Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 20-3 шешіміне қосымша |
Сарысу аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 26-10 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 35-8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2353 болып тіркелген) шешімі.
2. Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 наурыздағы № 26-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 14-10 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3382 болып тіркелген) шешімі.
3. Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 25-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 88-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4879 болып тіркелген) шешімі.