"Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 25-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу ауданы мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 88-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 4879 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 20-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 06.04.2022 № 20-3 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сарысу ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 25-6 шешімімен бекітілген Қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3669 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қаңтарда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

      қазақша мәтінінде атауы өзгертілмейді;

      10 тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      11 тармақтағы "және көшірмелерде" деген сөздер алып тасталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның экономика, қаржы, бюджет, агроөнеркәсіп кешені, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарысу аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы А. Сейналиев
      Сарысу аудандық
      мәслихат хатшысы С. Бегеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады