"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Талас аудандық мәслихаттың "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 28 қарашадағы № 25-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3613 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талас аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К. Садубаев |