"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 256 "Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4681 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Хмилярчук |