Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 256 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 сәуірде № 4681 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 тамыздағы № 203 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 23.08.2022 № 203 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 136 "Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4176 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 наурыздағы "Шарайна" № 11 (2252) газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 28 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сәтбаев қалалық мәслихатының аппарат басшысы Қ.М. Махамбетоваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2018 жылғы 26 наурыздағы
№ 256 шешімімен
бекітілген

Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жеке жұмыс жоспары – "Б" корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне нысаналы мақсатты индикаторлары қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;

      2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;

      3) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;

      4) мінез-құлық индикаторы – "Б" корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;

      5) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына "А" корпусы қызметшісінің келісіміне немесе "Б" корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, "Б" корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;

      6) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға.

      3. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.

      4. "Б" корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.

      Бағалауды өткізу кезінде "Б" корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.

      5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, оның жұмысын бөлім басшысы ұйымдастырады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.

      6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:

      1) НМИ жетістіктерін бағалау;

      2) "Б" корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.

      7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      Құзыреттерді бағалау нәтижелері "Б" корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.

      8. Бағалауға байланысты құжаттар бөлім басшысында бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.

2-тарау. НМИ анықтау тәртібі

      9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.

      10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

      11. "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.

      12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.

      Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      13. НМИ:

      1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);

      2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);

      3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);

      4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);

      5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.

      14. НМИ саны 5 құрайды.

      15. Жеке жұмыс жоспары бөлім басшысында сақталады.

3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі

      16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

      Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.

      17. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.

      18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

      НМИ барлығы орындалған жағдайда "өте жақсы" баға қойылады;

      НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда "тиімді" баға қойылады;

      НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда "қанағаттанарлық" баға қойылады;

      НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда "қанағаттанарлықсыз" баға қойылады;

      НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.

      19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

      20. "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.

      21. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:

      1) бағалаумен келісу;

      2) түзетуге жіберу.

      22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.

      23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін бөлім басшысы 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі

      25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.

      26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.

      27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:

      1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда "күтілген нәтижеге сәйкес" бағасы қойылады;

      2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша "күтілген нәтижеге сәйкес емес" бағасы қойылады.

      28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін бөлім басшысында 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану

      29. Бөлім басшысы Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.

      30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы өкімге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      34. Комиссияның хатшысы болып қалалық мәслихаттың бөлім басшысы табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

      35. Бөлім басшысы Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.

      36. Бөлім басшысы Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын.

      37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) бағалау нәтижелерін бекіту;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

      38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың "Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)" графасында көрсетіледі.

      39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.

40. Бөлім басшысы "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.

      41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, бөлім басшысы және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      42. "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда бөлім басшысымен "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесі мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы жолданады.

      43. "Б" корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.

      44. "Б" корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

  Сәтбаев қалалық мәслихаты
аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша
Нысан
"БЕКІТЕМІН"
Жоғары тұрған басшы
________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні____________________________
қолы ___________________________

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      _________________________________ жыл

      (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_____________________________

      Қызметшінің лауазымы: _________________________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ______________________________________

      ________________________________________________________________________________

№ р/с

Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы

Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе "А" корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді

Өлшем бірлігі

Жоспарлы мәні

Қол жеткізу мерзімдері

Түйінді нәтиже*

      * Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер

      Қызметші

      ______________________________

      (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

      күні __________________________

      қолы _________________________

      Тікелей басшы

      ______________________________

      (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

      күні __________________________

      қолы _________________________

  Сәтбаев қалалық мәслихаты
аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша
Нысан
"БЕКІТЕМІН"
Жоғары тұрған басшы
________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні____________________________
қолы ___________________________

НМИ бойынша бағалау парағы

      ______________________________________________________________

      (Т.А.Ә бағаланатын тұлғаның лауазымы)

      ______________________________

      (бағаланатын кезең)

№ р/с

Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы

Өлшем бірлігі

Жоспарлы мәні

Нақты мәні

Көрсеткішке қол жетті/ көрсеткішке қол жетпеді

      Бағалау нәтижесі __________________________________________________

      (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)

      Қызметші

      ______________________________

      (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

      күні __________________________

      қолы _________________________

      Тікелей басшы

      ______________________________

      (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

      күні __________________________

      қолы _________________________

  Сәтбаев қалалық мәслихаты
аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша
Нысан

Құзыреттер бойынша бағалау парағы

      _________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ______________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ______________________________________

      ________________________________________________________________________________

№ р/с

Құзыреттер атауы

Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес

Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда)

1

Қызметті басқару

2

Ынтымақтастық

3

Шешім қабылдау

4

Жеделділік

5

Өздігінен даму

6

Қызметті тұтынушыға бағдарлану *

7

Қызметті тұтынушыларды хабарландыру *

8

Адалдық

9

Жауапкершілік

10

Бастамашылдық

11

Стресске орнықтылық

      *Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері "Қызметті тұтынушыға бағдарлану" және "Қызметті тұтынушыларды хабарландыру" құзыреттері бойынша бағаланбайды.

      Қызметші

      ______________________________

      (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

      күні _________________________

      қолы ________________________

      Тікелей басшы

      ______________________________

      (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)

      күні __________________________

      қолы _________________________

  Сәтбаев қалалық мәслихаты
аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
4-қосымша
Нысан

Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары

Құзыреттер атауы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты

Тиімді мінез-құлық индикаторлары

Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары

Қызметтік басқару

E-2

Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді;
сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді;
қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді;
бөлімше жұмысының нәтижелілілігін және сапасын қамтамасыз етеді.

Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді;
сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді;
қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жүргізбейді;
бөлімше жұмысының нәтижелілілігін және сапасын қамтамасыз етпейді.

E-3

E-4

Басымдылығына қарай тапсырмаларды маңыздылығы ретімен қояды;
басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді;
өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасай алады;
белгіленген мерзімдерді сақтайды.

Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;
сапасыз құжаттар әзірлейді;
жедел жұмыс жасамайды;
белгіленген мерзімдерді сақтамайды.

Ынтымақтас
тық

E-2

Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады;
бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды;
бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі;
әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды.

Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады;
бөлімше және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды;
бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді;
бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды.

Ұжымның жұмысына үлесін қосады және қажет болған жағдайда түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінеді;
мемлекеттік органдар мен ұжымдардың өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынасты дамытады;
талдау барысында пікір алмасады және талқылау нәтижесін ескере отырып, тапсырмаларды орындайды.

Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді;
әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді;
әріптестерімен мәселелерді талқыламайды.

Шешім қабылдау

E-2

Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады;
шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады;
шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды;
әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжамдайды;
мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды.

Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды;
шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады;
шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді;
әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды;
шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді.

Қажетті мәліметтерді таба алады;
мүмкін болатын қауіптерді ескере отырып, мәселелерді шешудің бірнеше жолын ұсынады;
өзінің пікірін негіздей алады.

Қажетті мәліметтерді таба алмайды;
мүмкін болатын қауіптерді ескермейді немесе мәселелерді шешудің альтернативасын ұсынбайды; негізсіз пікір білдіреді.

Қызметті тұтынушыға бағдарлану

E-2

Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді;
кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық деңгейін анықтауға жағдай жасайды;
қызмет көрсетудің сапасын бақылайды, сондай-ақ жеке үлгі болу арқылы көрсетеді.

Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді;
кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық деңгейін анықтауға жағдай жасамайды;
сапасыз қызмет көрсетуге жол береді, қызықпаушылық білдіреді.

Сыпайы және тілектестікпен қызмет көрсетеді;
қызмет көрсетуге қанағаттанушылық деңгейін талдайды және оларды жетілдірудің жөнінде ұсыныстар енгізеді;
қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді.

Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді;
тұтынушының сұрақтары мен мәселелеріне мән бермейді;
қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша белсенділік танытпайды.

Қызметті тұтынушыға ақпараттандыру

E-2

Бағыныстағыларды қызмет алушыларды қолжетімді ақпараттандыруға бағдарлайды;
тұтынушыға ақпараттарды құрметпен және игілікпен жеткізеді;
қызмет тұтынушыларының пікірін құрметтейді.

Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді;
тұтынушыға ақпараттарды жеткізбейді немесе немқұрайлы және жақтырмай жеткізеді;
қызмет тұтынушыларының пікірін елемейді.

Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімді тәсілдерін қолданады;
тұтынушыға ақпаратты қолжетімді ауызша және жазбаша түрде жеткізеді;
көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алады.

Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады;
тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді;
көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алмайды.

Жеделділік

E-2

Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді;
болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды;
өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді.

Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді;
болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды;
болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды.

Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
оларды енгізудің жаңа бағыттары мен әдістерін үйренеді;
өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылайды;
өзгеріс жағдайларында тез бейімделеді.

Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады;
жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді;
өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды;
өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді.

Өздігінен даму

E-2

Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады;
мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды;
бағыныстылармен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды.

Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды;
мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды;
бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды.

Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытады;
өздігінен дамуға ұмтылады, жаңа ақпараттар мен оны қолданудың әдістерін ізденеді;
тәжірибеде тиімділікті арттыратын жаңа дағдыларды қолданады.

Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды;
өздігінен дамуға ұмтылмайды, жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды;
өзінде бар дағдылармен шектеледі.

Адалдық

E-2

Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды;
ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды;
жұмыста табандылық танытады;
ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады;
бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді;
риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.

Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді;
өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды;
жұмыста табандылық танытпайды;
ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды;
бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді.

Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сүйенеді;
өзінің жұмысын адал орындайды;
өзін адал, қарапайым, әділ ұстайды, басқаларға сыпайылық және биязылық танытады.

Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады;
өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді;
өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсінбеушілік қасиеттерін танытады.

Стресске орнықтылық

E-2

Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

Жауапкер
шілік

E-2

Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.

Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.

E-3

Құрылымдық бөлімше қызметін ұйымдастыруды жеке жауапкершілігіне алады.

Құрылымдық бөлімшенің қызметін ұйымдастыру жауапкершілігін басқа лауазымды тұлғаға артады.

E-4

Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықта болады.

Өз ісі мен нәтижелері үшін жауаптылықты басқа тұлғаға артады.

Бастамашыл
дық

E-2

Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді.

Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдамайды және енгізбейді.

Ұсыныстар мен бастамаларын енгізеді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындайды.

Ұсыныстар мен бастамаларын енгізбейді және өзінің негізгі міндеттерінен басқа қосымша жұмыстарды орындамайды.

  Сәтбаев қалалық мәслихаты
аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
5-қосымша
Нысан
"БЕКІТЕМІН"
Лауазымды тұлға
________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні____________________________
қолы ___________________________

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (бағалау мерзімі жыл)

Бағалау нәтижелері

№ р/с

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.

2.

...

      Комиссия қорытындысы:

      _______________________________________________________________________________

      Тексерілді:

      Комиссияның хатшысы: ________________________________ Күні: _____________

      (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)

      Комиссияның төрағасы: ________________________________ Күні: _____________

      (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)

      Комиссияның мүшесі: _________________________________ Күні: _____________

      (тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады