"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұлытау аудандық мәслихатының "Ұлытау ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 23 шілдедегі №198 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4887 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | А. Мырзабеков |