"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 24/05 "Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қараганды қаласының әкімі | Е. Булекпаев |