Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 24/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 5339 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 06/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 03.02.2022 № 06/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6 бабы 3 тармағының 7-2) тармақшасы, 62 бабы 4 тармағының 4-2) және 6 тармағының 6-1) тармақшаларына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығының 5 тарауына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарағанды қаласының Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қарағанды қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі Н. Аубакиров

  Қарағанды қаласы
әкімдігінің 2019 жылғы
"__" _______________
№ ________қаулысына
қосымша

Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Р/с №

Орта білім беру ұйымының түрі

Мемлекеттік білім беру тапсырысы (орындар саны)

Бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге)

1-4 сыныптар

5-9 сыныптар

10-11 сыныптар

1.

Жеке меншік бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары

1283

15510

20055

23359


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады