Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 24 ақпандағы № 05/04 "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3021 болып тіркелген);
2) 2015 жылғы 24 ақпандағы № 05/05 "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3022 болып тіркелген).
2. "Сәтбаев қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі | А. Идрисов |