"Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 05/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 3022 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 18/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 10.03.2022 № 18/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына және Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 02/01 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/04 "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Ә.С. Омар


  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 24 ақпандағы № 05/05
қаулысымен бекітілген

"Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101302, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 108 үй.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Сәтбаев қаласының ішкі саясат,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;

      этносаралық және конфессияаралық келісім саласында қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру;

      Сәтбаев қаласы тұрғындарының әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру, сонымен қатар, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамыту;

      ақпараттық кеңестіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      қала аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғи және өзге де объектілерді табиғаттың, тарих пен мәдениеттің қорғалатын ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныс енгізу;

      қала тұрғындарына заман талабына сай мәдени ортаны және азаматтардың әлеуметтік оптимизмдерін қалыптастыруға ықпал ететін мәдениет саласында қолжетімді және сапалы қызмет ұсыну;

      мемлекеттік тілді дамытуды басты назарға ала отырып, қала аумағында тұратын халықтардың тілдерін дамытуға және үштілділік приципін қолдану мен таратуға бағытталған, тілдерді дамыту жүйесін жүзеге асыру.

      14. Міндеттері:

      қоғамдық - саяси тұрақтылықты, қоғамдық үрдістерді демократияландыруды, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, азаматтық патриотизмде тәрбиелеу;

      Қазақстанның даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау, қаланың даму бағдарламаларына қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қолдау көрсетуін ұйымдастыру;

      елдің даму Стратегиясын іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының қатысу шеңберін кеңейту;

      бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне мониторинг жүргізу;

      қаланың сыртқы безендіруін үйлестіру және идеологиялық қамтамасыз ету;

      мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      саз, хореографиялық, театралдық, бейнелеу және өнердің басқа да түрлерінің дамуына жағдай жасау;

      мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру.

      15. Функциялары:

      ішкі саясат саласында жергілікті мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, ішкі саясат, этносаралық және конфессияаралық салалардағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен оған тәрбиелеу, азаматтық қоғам институттарының қатысуымен қалалық қоғамдық - саяси іс-шараларды өткізу;

      қаладағы қоғамдық - саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты, объективті зерттеу, жинақтау және саралау;

      конституциялық принциптерді және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша саяси партиялар, қозғалыстар және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс істеу;

      мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қала аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қолданылуына мониторинг жүргізу;

      ел дамуының ұзақмерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық - насихаттау жұмысын үйлестіру, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;

      мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіру;

      бірыңғай мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру бойынша саяси партиялармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, кәсіби одақтармен өзара байланыс жасау;

      қаланың сыртқы безендірілуін үйлестіру және идеологиялық қамтамасыз ету;

      тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қала аумағында жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған қалалық іс-шараларды өткізу;

      тиісті органдарға ауылдарды (селоларды), кенттерді, ауылдық (селолық) округтерді, қаланың құрамды бөліктерін атау және қайта атау, оған қоса транскрипциясын өзгерту бойынша ұсыныстарды енгізу;

      жергілікті атқарушы органдарға театрлық, музыкалық және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-сауық жұмысы саласындағы мемлекеттік мәдени ұйымдарды құру туралы ұсыныс енгізу, сонымен қатар олардың қызметін қолдау мен үйлестіруді жүзеге асыру;

      жергілікті маңыздағы тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштеріне санақ жүргізу, қорғау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      қалалық мәдени мекемелердің қызметкерлерін аттестациялауды ұйымдастыру;

      қаланың мәдени нысандарын салу, жөндеу және қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды енгізу.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрауға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мемлекеттік мекеме құзыретіне жататын сұрақтарды дайындауға тарту, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

      ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру жөнінде әкімге ұсыныстар енгізуге;

      тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;

      бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      ішкі саясат саласының, адам құқықтарын сақтау және мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдық - әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалды сұратуға және алуға;

      қолданыстағы заңдарда көрсетілген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Сәтбаев қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      заңмен белгіленген тәртіпте "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      заңмен белгіленген тәртіпте "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жазаға тарту шараларын қолданады;

      бұйрықтарға қол қояды;

      барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

      мемлекеттік функцияларды атқаруға қатысы жоқ үшінші тұлғалармен байланыстарда "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғауға құқық беретін сенімхат береді;

      азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады;

      "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      20. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады