"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Саран қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" Саран қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 тамыздағы № 435 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5438 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | О. Баймаганбетов |