Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 9 шілдедегі № 1046/28 "Долинка кентінің, Новодолинский кентінің, Шахан кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2715 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы | Ж. Мамерханова |