Шахан кентінің, Новодолинский кентінің, Долинка кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 9 шілдедегі V шақырылған XХVIII сессиясының № 1046/28 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 тамызда № 2715 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 шілдедегі № 161/15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 28.07.2022 № 161/15 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Шахан кентінің, Новодолинский кентінің, Долинка кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Ж. Мамерханова
      Мәслихат хатшысы Ә. Сатова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Долинка кентінің әкімі М-С. Бдуов

      2014 жылғы 09 шілде

      Новодолинский кентінің әкімі

      А. Тусупов

      2014 жылғы 09 шілде

      Шахан кентінің әкімі

      М. Жакупов

      2014 жылғы 09 шілде

  Шахтинск қалалық мәслихатының
  2014 жылғы 9 шілдедегі
  XXVIII сессиясының
  № 1046/28 шешімімен
  бекітілген

Шахан кентінің, Новодолинский кентінің, Долинка кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шахан кентінің, Новодолинский кентінің, Долинка кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Шахан, Новодолинский, Долинка кенттерінің көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Шахан кентінің, Новодолинский кентінің, Долинка кентінің аумағындағы көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі- бөлек жиын) тиісті кенттердің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Шахан кентінің, Новодолинский кентінің, Долинка кентінің әкімдері шақырады.

      Шахтинск қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері бөлек жиынға жеке қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.

      5. Бөлек жиынға кәмелетке толмаған тұлғалар, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған тұлғалар, сондай-ақ үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалар қатыспайды.

      6. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      7. Көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді тиісті кенттердің әкімдері ұйымдастырады.

      8. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      9. Бөлек жиынды тиісті кенттің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Тиісті кенттің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      10. Бөлек жиынның қатысушылары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын әр он тұрғындардан бір адам сандық құрамында ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті кенттің әкімінің аппаратына береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады