Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 19.09.2023 № 276/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 1115/33 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
14–тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы | Ж. Мамерханова |