Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына с сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының "Абай ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 желтоқсандағы 24/259 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4578 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Сакенов |