"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, кент тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 мамырдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданы Южный кентінің көшелері:
Комсомольская көшесін Таймас Батыр көшесіне;
Садовая көшесін Бақша көшесіне;
Степная көшесін Сарыарқа көшесіне;
Дальняя көшесін Жұмабек Тәшенов көшесіне;
Восточная көшесін Ардагерлер көшесіне;
Привокзальная көшесін Тұрар Рысқұлов көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Южный кентінің әкімі | И.С. Жумальдинов |