Қарағанды облысы Абай ауданы Южный кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы Южный кентінің әкімінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29319 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, кент тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 мамырдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Абай ауданы Южный кентінің көшелері:

      Комсомольская көшесін Таймас Батыр көшесіне;

      Садовая көшесін Бақша көшесіне;

      Степная көшесін Сарыарқа көшесіне;

      Дальняя көшесін Жұмабек Тәшенов көшесіне;

      Восточная көшесін Ардагерлер көшесіне;

      Привокзальная көшесін Тұрар Рысқұлов көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Южный кентінің әкімі И.С. Жумальдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады