"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, кент тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 мамырдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің көшелері:
Бульвар Юности көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
Макарова көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне;
Молодежная көшесін Жастар көшесіне;
Садовый көшесін Ақжол көшесіне;
Железнодорожная көшесін Шаңырақ көшесіне;
Николаева көшесін Жібек Жолы көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Топар кентінің әкімі | М. Сафаров |