Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің әкімінің 2022 жылғы 1 шілдедегі № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 шілдеде № 28758 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, кент тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 мамырдағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің көшелері:

      Бульвар Юности көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;

      Макарова көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне;

      Молодежная көшесін Жастар көшесіне;

      Садовый көшесін Ақжол көшесіне;

      Железнодорожная көшесін Шаңырақ көшесіне;

      Николаева көшесін Жібек Жолы көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Топар кентінің әкімі М. Сафаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады