Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Тасарал ауылы халқының пікірін ескере отырып және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 11 наурыздағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Тасарал ауылдық округінің Тасарал ауылындағы Орталық көшесін Таңыбай батыр көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тасарал ауылдық округінің әкімі | Н. Сеитов |