Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал ауылдық округінің Тасарал ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 05 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қарашада № 30620 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Тасарал ауылы халқының пікірін ескере отырып және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 11 наурыздағы қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Тасарал ауылдық округінің Тасарал ауылындағы Орталық көшесін Таңыбай батыр көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тасарал ауылдық округінің әкімі Н. Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады