"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы № 12 "Бұқар жырау ауданының елді мекендері аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4857 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Мәслихаттың хатшысы | А. Әли |