"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 06-05-02-16/91 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің Қоянды ауылының аумағында ірі қара малдың арасында жұқпалы инфекциялық ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы №1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26501 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қоянды ауылдық округінің әкімі | С. Аубакиров |