Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қаңтарда № 26501 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің әкімінің 17.03.2022 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 06-05-02-16/729 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің Қоянды ауылының аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан жұқпалы инфекциялық ринотрахеит ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қоянды ауылдық округінің әкімі С. Аубакиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады