"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-бабына сәйкес және Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 06-05-02-16/705 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округінің Ақбұлақ ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, карантин тоқтатылсын.
2. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2021 жылғы 4 қарашадағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25026 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Угар ауылдық округінің әкімі | Н. Кошкинбай |