Карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қарашада № 25026 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округінің әкімінің 10.01.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2021 жылғы 7 қазандағы № 06-05-02-16/554 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Угар ауылдық округінің Ақбұлақ ауылы аумағында карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Угар ауылдық округінің әкімі Н. Кошкинбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады