"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 02-13-34 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының аумағында ұсақ мүйізді малдың арасынан шешек ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылы әкімінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 7 "Нұра ауданының Мұзбел ауылы аумағында карантиндік іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25868 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұзбел ауылының әкімі | Е. Абаев |