Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының әкімінің 03.02.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27–бабына сәйкес және Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 22 қарашадағы № 02-13-672 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Нұра ауданы Мұзбел ауылының аумағында ұсақ мүйізді малдың арасынан шешек ауруының анықталуына байланысты, ауру ошағын жою және ветеринариялық - санитариялық іс-шараларды өткізу үшін карантиндік іс-шаралар белгіленсін.
2. Мұзбел ауылы әкімінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 6 "Нұра ауданының Мұзбел ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25593 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Нұра ауданы Мұзбел ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Нұра ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұзбел ауылының әкімі | Е. Абаев |