Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осакаров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осакаров ауданының мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 794 "Осакаров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5676 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың хатшысы | К. Саккулаков |
Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 221 шешіміне қосымша |
Осакаров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық нормасы, м3 |
1 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,80 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,51 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,42 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,30 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,20 |
6 | Емхаланар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,00033 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,50 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,15 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,10 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,04 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1м2 | 0,04 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,026 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1м2 | 0,013 |
14 |
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар | сауда алаңы 1 м2 | 0,13 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,04 |
16 | Өнеркәсіптік азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
17 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,10 |
18 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,04 |
19 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,85 |
20 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,30 |
21 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,33 |
22 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
23 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |