Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Осакаров ауданы Батпақты ауылдық округінің Батпақ ауылының көшелері:
Набережная көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
Победа көшесі Жеңіс көшесіне;
Центральная көшесі Абай көшесіне;
Садовая көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
әкім | А. Жапаров |