Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 "Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму үшін халыққа тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шет ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Шет аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9/68 "Шет ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4127 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шет аудандық мәслихатының хатшысы | С. Социал |
Шет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/196 шешіміне қосымша |
Шет ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы Құны | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығысыз) |
Жайлы үйлер | 1 түрғын айына | 245,0 |
Жайлы емес үйлер | 319,07 | |
Жылдық тариф бір бірлігіне (көлеміне) | 1 м3 | 1 709,29 |