"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына және Қазақстан Республикасындағы спорт түрлерін саралау бойынша республикалық комиссияның 2021 жылғы 1 қазандағы № 1 хаттамасына сәйкес Қызылорда облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022-2023 жылдарға арналған Қызылорда облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Ы. Нұртайға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Н. Налибаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 561 қаулысына қосымша |
2022-2023 жылдарға арналған Қызылорда облысындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Спорт түрлерінің атауы | ||||||
Топтар атауы | № | Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы | Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы | Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы | Паралимпиадалық спорт түрлерінің атауы | Ұлттық спорт түрлерінің атауы |
"А" тобы | 1 | Белбеу күресі | Ауыр атлетика | Конькимен мәнерлеп сырғанау | Волейболды отырып ойнау | Жекпе-жек |
2 | Каратэ (WKF) | Бокс | Пара дзюдо | Қазақ күресі | ||
3 | Кикбоксинг | Байдарка мен каноэде есу | Пара жеңіл атлетика | Тоғызқұмалақ | ||
4 | Самбо және әскери самбо | Грек-рим күресі | Пара оқ ату | |||
5 | Шахмат | Дзюдо | Пара пауэрлифтинг | |||
6 | Еркін күрес | Пара үстел теннисі | ||||
7 | Әйелдер күресі | Пара таеквондо | ||||
8 | Жеңіл атлетика | |||||
9 | Классикалық волейбол | |||||
10 | Қол добы | |||||
11 | Стенд ату | |||||
12 | Таеквандо WTF | |||||
"В" тобы | 1 | Грэпплинг UWW | Баскетбол | Шорт-трек | Асық ату | |
2 | Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА) |
Велосипед спорты | Аударыспақ | |||
3 | Киокушинкай-кан каратэ | Жүзу | Көкпар | |||
4 | Қол күресі | Көгалдағы хоккей | ||||
5 | Панкратион | Теннис | ||||
6 | Пауэрлифтинг | Үстел теннисі | ||||
7 | Унифайт | Футбол | ||||
8 | Ушу | |||||
"С" тобы | 1 | Би спорты | Бадминтон | Шайбалы хоккей | Бәйге | |
2 | Гір спорты | Баскетбол 3х3 | Жамбы ату | |||
3 | Джиу-джитсу | Көркем гимнастика | Теңге ілу | |||
4 | Дойбы | Қазіргі бессайыс | ||||
5 | Қоян-қолтық ұрыс | Нысана көздеу | ||||
6 | Муайтай (муай, тай боксы) | Триатлон | ||||
7 | Президенттік көпсайыс | |||||
8 | Сурдо күрес | |||||
9 | Сурдо үстел теннисі | |||||
10 | Сурдо шағын футбол | |||||
11 | Сурдо таеквондо | |||||
12 | Сурдо шахмат | |||||
13 | Спорттық туризм | |||||
14 | Таеквон-до GTF | |||||
15 | Футзал | |||||
16 | Шағын футбол |
Аббревиатуралардың түсіндірмесі:
WKF - Уолд каратэ Федерейшн (World Karate Federation);
WTF - Уолд таеквондо Федерейшн (World taekwondo Federation);
UWW - Юнайтед Уолд Врестлинг (United World Wrestling);
MMA - Миксд Мартиал Артс (Mixed Martial Arts);
GTF - Глобал таеквондо федерейшн (Global taekwon-do federation Global).