Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2018 жылғы 8 маусымдағы № 163-26/10 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6343 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы | И. Кутухуджаев |