Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының "Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 16 наурыздағы № 145-23/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6223 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы | И. Кутухуджаев |