"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру туралы" Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 150-қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6952 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкімі | С. Сермагамбетов |