"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 253 "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Қазалы ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6059 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы ауданының әкімі | М. Уразбаев |