Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 47 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 296 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қарашада № 30689 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 91 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 24.10.2023 № 91 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ШЕШТІ:

      1. Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 47 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8348 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) өмірлік қиын жағдайға тап болғандар, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған азаматтарға (отбасыларға):

      туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      аплазиялық анемиямен диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай 7,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      санаторий-курорттық емделу қызметіне бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдармен ілесіп жүретін адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып, өтініш негізінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;

      диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде ай сайын тағайындалады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихат хатшысы Б. ЖАРЫЛҚАП

О внесении изменения в решение Казалинского районного маслихата от 29 апреля 2021 года № 47 "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Казалинского районного маслихата Кызылординской области от 18 ноября 2022 года № 296. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 ноября 2022 года № 30689. Утратило силу решением Казалинского районного маслихата Кызылординской области от 24 октября 2023 года № 91

      Сноска. Утратило силу решением Казалинского районного маслихата Кызылординской области от 24.10.2023 № 91 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Казалинского районного маслихата "Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан от 29 апреля 2021 года № 47" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8348) следующее изменение:

      в правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      подпункт 2) пункта 7 изложить в новой редакции:

      "2) лицам (семьям) признанным находящимся в трудной жизненной ситуации, в том числе ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющим опасность для окружающих:

      лицам, состоящим на диспансерном учете с заболеванием туберкулез ежемесячно без учета среднедушевого дохода в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей;

      родителям или иным законным представителям детей, состоящим на диспансерном учете с апластической анемией ежемесячно без учета среднедушевого дохода ежемесячно в размере 7,6 месячных расчетных показателей;

      лицам, сопровождающим лиц с инвалидностью первой группы на санаторно-курортное лечение, без учета среднедушевого дохода предоставляется в размере 40 (сорока) месячных расчетных показателей, на основании заявления с приложением документов, указанных в пункте 13 Типовых правил;

      родителям или иным законным представителям детей, инфицированным вирусом иммунодефицита человека состоящим на диспансерном учете ежемесячно без учета среднедушевого дохода в 2 (двух) кратном размере величины прожиточного минимума, установленного Законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь маслихата Казалинского районного маслихата Б. ЖАРЫЛҚАП