Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қармақшы аудандық мәслихатының "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 10 шілдедегі № 178 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6390 болып тіркелген) күші жойылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы | Ә. Қошалақов |