Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 15.06.2022 № 195 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандығы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге біріңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.
3. Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы "Жер салығының базалық мөлшерлемелері туралы" № 74 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5775 нөмерімен тіркелген, 2017 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.