Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 08.09.2023 № 77 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қармақшы аудандық мәслихатының "Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" 2021 жылғы 16 ақпанындағы № 11 шешiмiне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 8159 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.";
6 тармақтың 1) тармақшасында:
жетінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"бұрынғы КСР Одағы қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге бір рет - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
он бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) өмірлік қиын жағдайға тап болғандар, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектеулі деп танылған азаматтарға (отбасыларға):
туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
аплазиялық анемиямен диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай 7,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
санаторий-курорттық емделу қызметіне бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдармен ілесіп жүретін адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып, өтініш негізінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде ай сайын тағайындалады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы | Ә. Қошалақов |