"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 289 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6646 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы | Г. Сопбеков |