Жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 289 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 қаңтарда № 6646 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 шілдедегі № 250 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 22.07.2022 № 250 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5тармағына, 704-бабының 3-тармағына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады. 

      Жаңақорған аудандық мәслихатының
кезекті ХХVІІ сессиясының төрағасы
А. Налибаев
      Жаңақорған аудандық мәслихатының
хатшысы
Е. Ильясов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады