Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің 05.10.2022 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 14 қазандағы № 4394-21-00-4/67 шешіміне, Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 18 ақпандағы № 4399-21-00-4а/63 қаулысына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 6001-22-00-6ап/646 қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңақорған ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | М. Тлеумбетов |