Қызылорда облысының Шиелі ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 3 тамыздағы № 25/5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 тамызда № 29060 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қызылорда облысының Шиелі ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Т. Жағыпбаров

  Шиелі аудандық мәслихатының
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 25/5 шешіміне қосымша

Қызылорда облысы Шиелі ауданы бойынша бір жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері

Атауы

Шығыстардың ең төменгі мөлшері (теңге)

1

Айына бір шаршы метр үшін кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері

6,00


Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по Шиелийскому району Кызылординской области

Решение Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 3 августа 2022 года № 25/5. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 августа 2022 года № 29060

      В соответствии с пунктом 1 статьи 10-3 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказом исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 166 "Об утверждении Методики расчета сметы расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума" Шиелийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить минимальный размер расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по Шиелийскому району Кызылординской области в соответствии с приложением к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Cекретарь Шиелийского районного маслихата Т. Жағыпбаров

  приложение к решению
Шиелийcкого районного маслихата
от 3 августа 2022 года № 25/5

Минимальный размер расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума на один год по Шиелийскому району Кызылординской области

Наименование

Минимальный размер расходов (тенге за 1м2 в месяц)

1

Минимальный размер расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума

6,00