Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 28188 болып тіркелген) Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |
Маңғыстау облысының әкімдігінің | |
2022 жылғы 7 шілдедегі | |
№ 108 қаулысына | |
қосымша |
2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидия түрлері | Субсидиялау көлемдері | |
Өлшем бірлігі | Сомасы (мың теңге) | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін) | 22,5 тонна | 9 600,0 |
2. | Дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін) | 20 тонна | 100,0 |
3. | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін) | 2 400,0 дана | 600,0 |
4. | Балықтың құнды түрлерінің жөндеу-аналық табындарын сатып алу және ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары (Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін) | 6,0 дана | 200,0 |