2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 108 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 шілдеде № 28805 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 28188 болып тіркелген) Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

  Маңғыстау облысының әкімдігінің
  2022 жылғы 7 шілдедегі
  № 108 қаулысына
  қосымша

2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

Субсидия түрлері

Субсидиялау көлемдері

Өлшем бірлігі

Сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

1.

Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін)

22,5 тонна

9 600,0

2.

Дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін)

20 тонна

100,0

3.

Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін)

2 400,0 дана

600,0

4.

Балықтың құнды түрлерінің жөндеу-аналық табындарын сатып алу және ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары (Бекіре тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін)

6,0 дана

200,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады