Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2022 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының | |
шешіміне қосымша | |
2022 жылғы 24 тамыздағы | |
№ 13/154 |
Маңғыстау облысы бойынша 2022 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№ | Арнаулы су пайдалану түрлері | Өлшем бірлігі | Мөлшерлемелер (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | 1000 текше метр | 61,31 |
2 | Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде | 1000 текше метр | 237,32 |
3 | Ауыл шаруашылығы | 1000 текше метр | 66,82 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | 1000 текше метр | 64,51 |
5 | Су көлігі | 1000 текше метр | 35,06 |