Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2019 жылғы 26 тамыздағы № 189 "Жаңаөзен қаласының тұрғын үйге мұқтаж азаматтары және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін Ақтау қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларды бөлу Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3980 болып тіркелген);
2) 2020 жылғы 2 қарашадағы № 197 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 189 "Жаңаөзен қаласының тұрғын үйге мұқтаж және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарына Ақтау қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларды бөлу Қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріcтер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4339 болып тіркелген).
2. "Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы
Б. Орынбасаров