Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 197 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қазанда № 30320 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 болып тіркелген) және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 15 шілдедегі № 01-02/105 хаттамасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 17 қазандағы
  № 197 қаулысына қосымша

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының атауы

Өлшем бірлігі

Мөлшері

Мерзімі

1.

Картоп

1 килограмм

261,5 теңге

30 күн

2.

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

1 килограмм

1201 теңге

60 күн


Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары

Постановление акимата Мангистауской области от 17 октября 2022 года № 197. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 октября 2022 года № 30320

      В соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности", приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 282 "Об утверждении правил установления пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары и размера предельно допустимых розничных цен на них" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11245) и протоколом заседания комиссии по утверждению размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары № 01-02/105 от 15 июля 2022 года акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить размер предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление предпринимательства и торговли Мангистауской области" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Мангистауской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Мангистауской области Н. Ногаев

  Приложение к постановлению
  акимата Мангистауской области
  от 17 октября 2022 года № 197

Размер предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары

Наименование социально значимого продовольственного товара

Единица измерения

Размер

Срок

1.

 
Картофель

1 килограмм

261,5 тенге

30 дней

2.

 
Мясо кур (бедренная и берцовая кость с прилегающей к ней мякотью)

1 килограмм

1201 тенге

60 дней