Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бейнеу аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Бейнеу аудандық мәслихатының "Бейнеу ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 5 ақпандағы № 32/266 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3818 болып тіркелген);
2) Бейнеу аудандық мәслихатының "Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 ақпандағы № 32/266 "Бейнеу ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 54/430 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4304 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы | К. Мансуров |